Бундестаг қорғаныс комитетінің басшысы Мари-Агнес Страк-Циммерман Украинаға 24 жаңа өздігінен жүретін гаубицаның жеткізілуін растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі die Zeit неміс басылымына сілтеме жасап.
«Өздігінен жүретін зеңбіректер көбірек жеткізілді. Қазір олардың саны 24 бірлікті құрап отыр», - деді Страк-Циммерман.
Киевтегі Үкіметтің өтінішіне қарамастан, федералды үкімет қазіргі заманғы Leopard және Marder типті танктерді беруден бас тартады. Алайда қорғаныс комитеті басшысының пікірі басқаша.
«Бұл шұғыл түрде қажет болып отырған дүние», - деген шенеунік енді бұлай жасамауға ешқандай себеп жоқ екенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 7 желтоқсанда Берлинде әскери көмек аясында Украинаға берілетін қарудың жаңа тізімі жарияланды.