Иран билігі күзде үкіметке қарсы наразылық шарасына қатысқан тағы бір адамды өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Елдегі сот органдарының хабарлауынша, 23 жастағы Маджидреза Рахнавард дүйсенбіде таңертең Мешхед қаласында көпшілік алдында дарға асылды.
Сот оған «Құдайға қарсы шықты» деген кінә тақты. Рахнавард Иран билігі наразылықтарды басу үшін жиі қолданатын «Басидж» үкіметшіл жартылай соғыс құрамасының екі мүшесін пышақтады деп айыпталды.
«17 қарашада бүлікшілер тобы дүкендерді жабу үшін олардың иелеріне қоқан-лоққы көрсетті», - деп мәлімдеді Мешхед мэрі.
Басидж мүшелері араласуға тырысқанда, наразылық білдірушілердің бірі кенеттен оларға пышақпен шабуыл жасады.
Бұл – Иранның бір аптадағы екінші өлім жазасы. Біріншісі өткен бейсенбіде өтті және әлемнің көптеген елі бұл әрекетті құптамады. 23 жастағы Мохсен Шекариге де дәл осындай айып тағылды, ол да Тегерандағы Басидж мүшесіне шабуыл жасады деп айыпталды.