Атырау, 3 қазан 11:20
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Прокуратура Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың ісін сотқа берді

974 просмотра

Алматы прокуратурасы танымал вайнерлерге қатысты қылмыстық істі сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оны басқару фактісі бойынша Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына Құрманғалиев А., Бұрқанов Р. , Рахимова Д., Ча А., Рүстемов Т., Қасенов С., Сұлтанбаева Н., Шерниязов М., Төребаева М., Жармұхамед Б., Мансұров Ерлан және Ержанды айптау ісін берді", - делінген Алматы прокуратурасының хабарламасында.

Іс бойынша сотталушылар Ораз А. мен Саидбаев А. халықаралық іздеуге жарияланғаны хабарланды.

"Іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банктік есепшотқа және 16 компаниядағы жарғылық капиталдағы түрлі үлестерге қатысты қамауға алу шаралары жүргізілді. Іс бойынша айыптауды процессуалдық прокурор қолдайтын болады", - деп атап өтті Алматы прокуратурасының өкілі.

Еске салайық, іс бойынша айыпталушылардың бірі - танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов биыл сәуірде қамауға алынған болатын. Олар Алматыдағы Mudarabah Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша күдікті ретінде танылды. Олардан бөлек бұл іске Әзімжан Саидбаев та қатысты.

13 желтоқсан 2022, 00:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.