Атырау, 28 қараша 22:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда жыл сайын босанып, нашақор болған Өзбекстан азаматшасы елден шығарылды

1 706 просмотра

Атырау қаласының Әкімшілік соты бұдан бұрын көлікті есірткілік мас күйінде басқарғаны үшін және сөмкесінде көп мөлшерде психотроптық дәрі-дәрмектер сақтағаны үшін 30 жастағы Өзбекстан азаматшасын алты баласымен бірге Қазақстан аумағынан шығару туралы қаулы шығарды.

Тәртіп сақшылары әйелдің алты баласымен Атырауда құжатсыз жүргенін анықтаған. 

«Ол біздің қаламызға 2013 жылы келіп, оның айтуынша, жеке басын анықтайтын құжаттарын жоғалтып алған. Сонымен қатар 1-ден 7 жасқа дейінгі балаларының да құжаты болмаған. Тексеру барысында көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері Атырау қалалық перзентханасынан кәмелетке толмаған алты балаға туу туралы анықтама алып, Өзбекстан Республикасының елшілігі арқылы аталған азаматшаны еліне қайтару үшін берілетін куәлікті алып беруге ықпал еткен, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Айнұр САПАРОВА

12 желтоқсан 2022, 23:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.