Полицейлер жалпы сомасы 5 миллион теңгені құрайтын алаяқтық жасады деген күдікпен Атырау қаласының 45 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қаланың бірнеше тұрғынына соңғы үлгідегі Iphone 13 Pro телефондарын арзан бағаға алып беруге уәде беріп, ақшасын алып, қайтармаған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы («Екі немесе одан да көп адамға жасалған алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айнұр САПАРОВА