Атырау, 28 қараша 22:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қол көтерсе - сүйіспеншілік жоқ

Сурет
1 400 просмотра

72 жастағы Әдия апа бала-шағасының, немере-шөбересінің ортасында қартаюды армандағанымен, арманы орындалмады. Енді міне, Атырау дағдарыс орталығына аналарымен келген балалардың бәріне уақытша болса да әже болып отыр. 

Әйел жас кезінде фармацевт болып жұмыс істеді. Зейнеткерлікке шыққан кезде бақшаның арам шөбін жұлу, мал бағу секілді қызмет көрсетіп, бір орында отырмауды ұйғарды. Күйеуі ертеректе қайтыс болған. Ал ұлы анасының еңбегін бағаламақ түгілі, оған қол көтеруді әдетке айналдырды. Таныстары әжені дағдарыс орталығына заттары салынған пакетпен және соққыдан зардап шеккен күйде әкелді. Көп ұзамай әйел ұлын кешіріп, қол жұмсағаны туралы арызын қайтарып алып, өзі үйіне кері оралмады.

– Соңғы кездері байқағаным, әйелін, анасын ұрып-соққан озбырлар өздерінің не істеп жатқанын толық біледі – өйткені ұрған ізін қалдырмауға тырысады, – дейді дағдарыс орталығының медбикесі Гүлжан ХАСАНОВА. – Ал негізінен жарақаттар бірдей: қолын бұраған немесе сындырған, бастың ісіп кетуі, көгерген және жарақат алған жерлер болады. Кейде балаларға да соққының бір шеті тиіп кетіп жатады.

Айтпақшы, біз медбикемен сөйлесіп отырғанда, бір бөлменің есігінен жеті жасар қыз сақтықпен қарап тұрды. Анасы жұмысқа кеткен. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсету бөлімшесі директорының орынбасары Айбаршын ИМАНҒАЛИЕВА бұл баланың ауданнан келгенін айтты. Отбасында бес бала бар, анасының әзірге олардың бәрін, тіпті алимент алып отырса да, асырауға жағдайы келмейді. Орталыққа келген күннен бастап алты ай өткен соң, ол жалдамалы пәтерге кетуге мәжбүр болады.

- Қазір ақшасын жинап жатыр. Бір қуанарлығы, оның мұндай мүмкіндігі бар, мұнда бар жағдайы жасалған, – дейді А.Иманғалиева.

Белгілі болғандай, орталықты жағдайы мен білімі әртүрлі әйелдер паналайды. Ірі шенеуніктердің, бизнесмендердің әйелдері де бар, олардың есімі белгілі. Бірақ бұл құпия ақпарат. Бұл әйелдер кейде олардан қорқатыны сонша, олар күйеулерінің құдіретті, көмек сұраған кез келген адамды сатып алуға қабілетті екеніне сенеді. Бұл жерде психолог, заңгер, кейде күш-қуаты бойында тұрған күзетші жұмыс істей бастайды: алғашқы екеуі «осы дүниедегі күштілердің» құдіреттілігі туралы қалыптасқан түсінікті жояды, ал үшіншісі - егер осы жерге тиранның өзі келсе, содан қорғайды. Көбіне бір-екі апта жалғыз өмір сүргеннен кейін күйеулері қойдан жуас, бетегеден аласа боп келеді.

Соңы жақсы аяқтала ма? Дағдарыс орталығындағылар мұндай жағдайлар бар және аз емес дейді. Айтпақшы, олар отбасымен татуласып, қауышуына көмектеседі. Бірақ көбінесе әйелдер бақытсыз некені біржола бұзуға бел буып, оларға қайта келіп жатады. 

Орталықтың мәліметінше, 2012 жылдан бастап мыңнан астам әйел мен олардың балаларына көмек көрсетілген. Полицейлер жыл басынан бері 1800 қорғау ұйғарымы берілгенін хабарлады. Егер басыңызда осындай жағдай болса, кез келген уақытта, 8 (7122) 46-60-60 нөміріне хабарласуға болады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттерді түсірген автор

12 желтоқсан 2022, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.