Атырау, 28 қараша 22:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Индерліктер оңалту орталығын әлі қанша күтеді?

1 181 просмотра

Индербор кентінде оңалту орталығының ғимараты пайдалануға беріледі дегелі жылдан асты. Бірақ әлі жүзеге аспады.

Бұрын бұл ғимаратта аудандық аурухана болған. Кейіннен замануи үлгідегі жаңа аурухана салынып, пайдалануға берілгесін ескісі иесіз қалған. Кейін мұнда күрделі жөндеуге және оңалту орталығын жасауға бюджеттен қаражат бөлінді. Былтыр наурыз айында мұны 191 миллион теңгеге жасауды ұсынып, тендерді «SCS Инжиниринг» ЖШС жеңіп алды.

Әбден тозығы жеткен ғимараттың шатырынан бастап, есік, терезе, еден, инженерлік коммуникацияларын ауыстыру қажет болатын.

- Мердігер 2021 жылдың 6 желтоқсанында жұмысты толық бітіруі керек еді. Алайда сол мерзімге үлгермеді. Бізге уақытынан кешіккесін әрі келісімшарт талаптарын орындамағасын «SCS Инжиниринг» ЖШС-ін экономикалық сотқа беруімізге тура келді. Сот мердігерді келісімшартта көрсетілген жұмыстарды 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін орындауға міндеттеді. Бірақ бұл мерзімге де мердігер күрделі жөндеу жұмыстарын толық бітіре алмай, сөзбұйдаға салып келеді, - дейді Индербор кентінің әкімі Асхат АЙМҰРАТОВ.

- Нысанда атқарылмаған жұмыстар көп пе?

- Кіреберісте пандус орнатылмаған, су және жылу жүйесі жаңаға ауыстырылмаған. Кей бөлмеде кафель төселмеген, ішкі сырлау, тағы басқа жұмыстар сапасыз жасалған. Аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссия осындай кемшіліктерді анықтап, акт жасап, мердігер мекемеге жолдады. Ол кемшіліктер толық жойылмайынша ғимарат қабылданбайды.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

12 желтоқсан 2022, 23:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.