Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының лауазымына Айдулат КЕНЖЕБЕКОВ тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
А. Кенжебеков Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын тәмәмдаған. 2008 жылдан бастап жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманы, 2010 жылдан бастап осы бөлімнің бастығы, 2013 -2019 жылдары басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Осы тағайындауға дейін Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА