Атырау, 8 ақпан 04:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 456.98
€ 489.43
₽ 6.45

Нигерия Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты ұсталған күдіктіні бермей отыр

1 834 просмотра

Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне осыдан 6 ай бұрын Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты бар деген күдікпен ұсталған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті Қазақстан Ішкі істер министрлігі жанындағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросы жасаған сауал бойынша Нигерияда тұтқындалған болатын. Алайда сол кезден бері жарты жыл өтсе де, оны Қазақстанға әкелу мәселесі шешілмей отыр.

“Бұл іс бойынша Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуна ұсталғаны хабарланды. Бас прокуратура дипломатиялық жолдармен Нигерияның құзыретті органдарына оны Қазақстанға беру туралы сұрау жіберді. Қазіргі кезде өтінішті нигериялық тарап қарастырып жатыр”, — деп хабарлады Бас прокуратурадағылар.

Бұған дейін Қазақстанның Ішкі істер министрлігі барлық тиісті құжатты Нигериядағы Интерполдың орталық бюросына жолдаған еді. Ол жақ барлық рәсімдеу жұмыстары бітісімен күдіктіні қамауға алып, ары қарай Қазақстанға экстрадициялау жұмыстарымен айналысамыз деп айтқан болатын. 

9 желтоқсан 2022, 19:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.