Атырау, 28 қараша 22:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Республикалық бюджетке беретініміз азаяды

1 370 просмотра

2023 жылы жергілікті бюджеттен республикалық бюджетке алу сомасы 1,9 есе қысқартылды. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл мәселе Атырау облыстық мәслихатының кезекті ХІХ сессиясында қаралды.

Өз баяндамасында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА 2022 жылы облыстық бюджеттен республикалық бюджетке 287 млрд теңге алынатын болса, келер жылға 155 млрд теңгеге дейін белгіленгенін хабарлады.

- Республика бюджетіне 2024 жылға – 168,7 млрд. теңге, 2025 жылға – 178,1 млрд теңге көлемінде алу сомасы жоспарланды, - деді А.Әжіғалиева.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі жолдаған сурет

9 желтоқсан 2022, 18:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.