Атырау, 20 сәуір 01:59
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Банктерге ресейлік «МИР» карталары арқылы операция жасауға рұқсат етілді

1 053 просмотра

ҚазАқпарат – Қазақстандағы банктерге «МИР» карталары бойынша төлемдерді, аударымдарды қабылдауға рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

«8 желтоқсанда АҚШ Қаржы министрлігінің бөлімшесі — Шетелдік активтерді бақылау басқармасынан (OFAC) хат алды. Онда американдық ведомство «МИР» жүйесінің банк карталарын жеке тұлғалардың, атап айтқанда Ресейден Қазақстанға қоныс аударған азаматтардың күнделікті өмір сүруін қамтамасыз ететін операциялар жасау үшін пайдалануына қарсылық білдірмейтінін түсіндірді. Бұл ретте, хатта осы төлем жүйесімен жасалатын операциялар Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін оны пайдалануға жол бермеу мақсатында ерекше бақылауда қалатыны атап өтілген», - делінген Агенттік хабарлаамсында.

Қазақстандық банктер «МИР» карталары бойынша төлемдерді, аударымдарды қабылдауға, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін банкоматтар арқылы қолма-қол ақша беруді жүзеге асыруға құқылы.

Бұл ретте, «МИР» жүйесіне қосылу туралы шешімді қазақстандық банктер өздерінің даму стратегиялары мен тәуекелдерді бағалаудың ішкі жүйелері негізінде дербес қабылдайды.

9 желтоқсан 2022, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.