Тамара Сухомлинова дүниеден озды. Бұл біздің журналистер қауымы үшін, оны білетін, сүйетін жандар үшін ауыр қаза. Кезінде Тамара «Ақ Жайықта» ұзақ жыл еңбек етіп, оқырмандарымыз үшін атқарып жатқан ісімізге ерекше үлесін қосты; кейін өз бетінше жұмыс істеуді ұйғарды. Ол қашан да өз ұстанымында қалды: әдемі әйел, әр нәрсеге өз көзқарасы бар журналистикадағы мықты маман еді. Оның өмірден ерте озуы ауыр соққы болды, өйткені оның бұл қоғам үшін атқарар ісі көп еді.
Тамараның тума-туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Біз Тамарамызды ешқашан ұмытпаймыз.
«Ақ Жайық»