Атырау, 28 наурыз 23:22
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Мұқырда спорт алаңы ашылды

Сурет
1 315 просмотра

Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында мұнайшылар демеушілігімен көпфункционалды спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

- Талай әлемдік додаларда елдің мерейін үстем етіп, көк байрағымыздың көкке көтерілуіне Мұқыр ауылының спортшылары да зор үлесін қосып келе жатқаны баршаға аян. Осы ретте көпфункционалды спорт алаңының салынуы – бұқаралық спорттың дами түсуіне үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Барша тұрғындарды жаңа спорт алаңының ашылуымен құттықтаймын, - Қызылқоға ауданының әкімі Қанат ӘЗМҰХАНОВ ашылу салтанатында.

«Ембімұнайгаз» акионерлік қоғамы бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек ҚАСЫМҒАЛИЕВ пен Мұқыр ауылының тұрғыны, мұнай саласының ардагері Василий ЕСҚАЛИЕВ құттықтау тілектерін арнады. 

Айта кетейік, аталған спорт алаңы шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдарымен және Workout, жүгіруге арналған жолақтармен, тұрғындардың демалуына арналған орындықтармен қамтылған. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі жолдаған суреттер

9 желтоқсан 2022, 19:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.