Атырау, 12 қараша 23:54
 дождьВ Атырау +3.8
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

Құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен көлікті шығарды

1 856 рет қаралды

7 желтоқсанда Пешной ауылдық округі тұсында Жайық өзенінде мұз ойылып, көлік мұз астына түсіп кеткені туралы шақырту түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жағадан 15 м қашықтықта Toyota Hilux маркалы көліктің мұз астына жартылай түсіп кеткенін анықтады. 

Олар лом арқылы мұзды ойып, сүңгуірлер арқанды автокөліктің артқы дөңгелегіне байлап, автокөлікті жағаға шығарды. Іші бос болды – салонда болғандар ешкімді күтпеуді жөн көріп, құтқарушылар келгенше оқиға орнынан кетіп қалған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ТЖД жолдаған сурет

8 желтоқсан 2022, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.