Атырау, 3 қараша 12:21
 дождьВ Атырау +10
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

Алматыдағы рейдерлік тәркілеу: жаңа күдіктілер анықталды

1 758 рет қаралды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ұзақ уақыт бойы рейдерлік тәркілеумен айналысып келген бір топ адамның әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Zakon.kz. 

Ведомство өкілдері сотқа дейінгі тергеу аясында 5 қатысушы қамауға алынып, ұйымдастырушы Елдос Қоспаевқа, сондай-ақ оның сенімді адамдары Ерлан Имашев пен Руслан Шалинге іздеу жарияланғанын еске салды. Оларға қатысты сот сырттай бұлтартпау шарасын – "қамауға алуды" санкциялады. 

Сонымен қатар қылмысқа қатысы бар басқа да сыбайластар анықталды. Олар: Айдос Қоспаев, Оксана Кудряшева және Алексей Кузнецов. Бұл адамдар да іздеуде. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттік өкілдері ҚР ҚПК 201-бабы негізінде іс бойынша өзге мәліметтер жария етілмейтінін мәлімдеді.

8 желтоқсан 2022, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.