Атырау, 28 қараша 22:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жылыой ауданында 62 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Сурет
1 771 просмотра

Бұл туралы брифингте Жылыой ауданының әкімі Жұмабек ҚАРАЖАНОВ мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Құрылыс жұмыстарының көлемі 677 миллиард теңгені құрап, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 27,6% артық орындалып отыр. 62 095 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, - деді Ж. Қаражанов.

Айта кетейік, Жылыой ауданының халық саны – 86 118 адам, ал Құлсары қаласында – 65 700 тұрғын бар.

 

БИЗНЕС

Ауданда 6980 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.

- «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылдың 1 қазанындағы ахуал бойынша несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін 2 миллиард 611 миллион теңге құрайтын 81 жоба мақұлданды, - деді Ж.Қаражанов. Оның айтуынша, жыл басынан бері Аграрлық несие корпорациясы арқылы ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту мақсатында шаруа қожалықтарына сегіз техникаға несие берілген.

 

ЖҰМЫС

Аудан орталығында 4177 жұмыссыз тіркеліп, биыл оның 1574-і жұмыспен қамтылған.

- 942 адам тұрақты, 632 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, Теңіз кенішіндегі Келешек кеңею жобасының үшінші буын зауытының құрылыс жұмыстары азаюына байланысты 793 адам жұмыстан босатылған. Оның ішінен жұмыс іздеп хабарласқандар саны - 439. Хабарласқандардың 292-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, қалған 147 жұмыссызға бос жұмыс орындарына түскен сұраныстарға түйіндемелері ұсынылып, жұмыспен қамту шарасы алынуда, - деді Ж. Қаражанов.

 

БІЛІМ

Ауданда 20 жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс істесе, мұндағы оқушылар саны – 18474. Ал аудан бойынша 24 балабақшада 4686 бала тәрбиеленіп отыр. Оған қоса, мектеп жанындағы 23 шағын орталықта 352, мектепалды даярлық сыныптарында 1556 бала білім алуда.  

- Мектептен тыс төрт мекеме: саз мектебі, өнер мектебі, балалар және жасөспірімдердің дене шынықтыру спорт клубы, жас техниктер станциясы жұмыс істейді. Қосымша біліммен қамтуды көбейту мақсатында «Үміт» жеке меншік орталығы ашылып, 145 баланы қамтыды. Мектептер 100 пайыз интернет жүйесіне қосылған, - деді Ж.Қаражанов.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

7 желтоқсан 2022, 19:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.