Атырау, 19 сәуір 05:39
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Эмиссияларды қысқарту талаптарын сақтамаған «Қазцинк» 37,5 млн теңге айыппұл төледі

659 просмотра

Өскемендегі «Қазцинк» ЖШС 2025 жылға дейін ауаға бөлетін зияндық қалдықтар көлемін 20 пайызға қысқартады. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазцинк» – Өскемен қаласындағы ауаға көп көлемде зиянды қалдықтарды бөлетін кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның қала ауасының ластау үлесі – 47,8 пайыз. Биыл компанияға 4 тексеру жүргізілді. Оның барысында эмиссияларды қысқарту жөніндегі талаптардың сақталмауы, эмиссиялар нормативтерінің асып кетуі анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша жалпы сомасы 37,5 млн теңгеге 35 айыппұл салынды. Айыппұлдар толық көлемде өндірілді», - деді ол.

Комитет төрағасының айтуынша, аталған серіктестік зиянды қалдықтар көлемін азайту стратегиясын әзірлеген. Ондағы шараларды орындау үшін 100 млн доллардан астам қаражат жұмсалмақ. Нәтижесінде 2025 жылға дейін зиянды шығарындылардың мөлшері 20 пайызға қысқарады.

7 желтоқсан 2022, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.