ҚР ТЖ министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен Атырау облысының 8 жасар тұрғыны Дінмұхаммед ЖАҢБЫРБАЙ «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен наградталды.
Марапаттау Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде өтті. Батыр балаға медальды ТЖ департаменті басшысының м.а. Нұрлан ЖАҢАБАЕВ табыс етті. ТЖД басшылығы атынан оған Алғыс хат пен сыйлық табыс етілді.
Еске салайық, бұл оқиға 3 желтоқсанда Жайық өзенінде болған.
Дінмұхамедтің 9 және 12 жастағы достары әлсіз мұз астына түсіп кеткенін көріп, көмекке ұмтылып, ойықтан шығарып алады. Осылайша ол өз өмірін қатерге тігіп, екі баланың өмірін құтқарып қалады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттерді ТЖД жолдады