«Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Есболат БАҒДАРОВ Алматыда өткен математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің IX халықаралық шығармашылық байқауына қатысып, жүлделі бірінші орынға ие болды.
Байқауға қатысушылар практикалық және әдістемелік блокта бақ сынасқан. Практикалық бөлімде олимпиадалық деңгейде ұсынылған есептерді шешіп, әдістемелік блокта есептердің «дайын шешімдеріндегі» қателерді тапқан. Есболат Бағдаров - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Ұстаздық еткен алты жыл ішінде шәкірттері де, өзі де облыстық, республикалық білім додаларында әлденеше рет жеңімпаз атанған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған суреттер