Еліміздің бірқатар облыстарында жеке мектептердің ашылуы қарқын алып, білім беру саласының дамуына оң әсерін тигізуде. Солардың бірі - Атырау облысындағы «QAZBILIM» ұлттық лицейі.
Бұл лицей Атырауда 2022 жылдың 27 тамызында ашылды. Бүгінде жекеменшік мектепте 5-11 сынып аралығындағы 230 оқушы білім алып жатыр. Мұғалімдермен және оқушылармен кездескен облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ, өз бизнесін енді бастаған кәсіпкерлер мен азаматтарға жеке мектептер ашудың маңыздылығы туралы айтты. «Өңірдегі үш ауысымды және апатты мектептердің санын азайту үшін кәсіпкерлерді жеке мектептер ашуға шақырамын. Мемлекет тарапынан білім беру қызметін қоса қаржыландыру, жекеменшік мектептерді жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері бар. Облыс әкімдігі кеңес беруге дайын. Ең бастысы - балаларымыздың сапалы білім алуына мүмкіндік беру».
Ләззат ҚАРАЖАНОВА