Атырау, 25 сәуір 21:30
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Исатайлық бишілер Мәскеуден халықаралық байқаудан гран-примен оралды

Сурет
1 154 просмотра

Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Исатай ауданының оқушылар үйі жанындағы үлгілі «Аққайың» би ансамблі Ресейдің Мәскеу қаласынан гран-примен оралды, деп Биыл маусым айында «КТК дарынды балаларға – 2022» халықаралық бағдарламасы аясында өткен «Jas tolqyn» жас таланттар байқауында Исатай аудандық Білім бөліміне қарасты оқушылар үйі жанындағы үлгілі «Аққайың» би ансамблі іріктеу кезеңінде гран-при иеленіп, халықаралық байқауға жолдама алған болатын. Сол жерде олар тамаша өнер көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.

- Би номинациясынан біздің ансамбль бас жүлде иеленді. Ансамбльдің орта тобынан 12 қыз апардым, - деді «Аққайың» би ансамблінің жетекшісі Қамажай МҰҒАУҚЫЗЫ. – Байқаудың барлық жол шығынын, жату орны, тамағын КТК көтеріп алған. Оларға ризашылығымызды білдіреміз.

Қазіргі уақытта Исатай аудандық оқушылар үйінде 13 үйірмеде 535 бала қосымша білім алады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі жолдаған суреттер

9 желтоқсан 2022, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.