Атырау, 28 қараша 22:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда көпқабатты тоғыз үй жылусыз қалды

1 441 просмотра

Атырауда көпқабатты тоғыз үй жылусыз қалдыАтырауда көпқабатты тоғыз үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Атырау облысының әкімдігі.

«Бүгін түнде Нұрсая ықшамауданының жеке жылу қазандығының істен шығуына байланысты тоғыз көпқабатты үйде пәтерлерге жылу беру тоқтатылды. Шұғыл шаралар қабылданып, жылу беру таңға дейін қалпына келтірілді. Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету басшылығы үйді жылыту жүйесіне уақтылы диагностика жүргізбегені белгілі болды. Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету басшылығы үйді жылыту жүйесіне уақтылы диагностика жүргізбегені белгілі болды», - делінген хабарламада.

«Түске дейін аталған ықшамауданға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев барып, Нұрсая ықшамауданындағы 46,48,54,53 үйлердің тұрғындарымен кездесті, сондай-ақ бірнеше пәтердегі жылуды жеке өзі тексерді.

Тұрғындармен кездесу барысында Қ.Нұртаев пәтерлердегі жылу желісінің технология бойынша қарастырылмаған кез келген өзгерісі бүкіл үйдің жылу жүйесіне әсер ететінін еске салды. Жиналыс барысында орталықтандырылған жылумен қамту жүйесінің қалыпты жұмыс істейтіні айтылды.

Нұрсая ықшамауданының тұрғын үйлеріне жылу беру мәселесін шешу үшін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері кіреді. Жұмыс тобы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылумен қамтамасыз етілуін қадағалаумен айналысады», - деп хабарлады әкімдікте.

6 желтоқсан 2022, 21:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.