Атырау, 12 қараша 23:54
 дождьВ Атырау +3.8
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

Құлсарыдағы шырша 17 млн теңгеге бағаланған

1 818 рет қаралды

Ол аудан әкімдігі ғимаратының қарсы бетіне құрылмақшы. Құлсары қаласы әкімінің орынбасары Қадыржан АДИНОВТЫҢ айтуынша, бұрынғы 5 жыл бұрын алынған  шыршаның әбден тозығы жеткен, ол алаңға құруға келмейтін көрінеді.

Жаңа шыршаның биіктігі шамамен 16 метр, ал өзі жиналмалы-құралмалы және қаңқасы конус тәрізді болады. Ол гирляндалармен және жылтыр шарлармен безендірілмек.

- Жаңа шыршаны сатып алу және орнату жұмыстары үшін қаржы бөлініп, конкурс жарияланды. Әзірге жеңімпаз анықтала қойған жоқ, бөлінген қаржыдан төмен бағаға ұсыным берушілер болуы мүмкін ғой,-дейді аудан әкімінің баспасөз хатшысы Ақмоншақ ӘБІЛХАСОВА. - Жаңа жыл мерекесін тойлауға жиырма шақты күн қалды. Жұртшылыққа бұл мереке көтеріңкі көңіл сыйласа екен дейміз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 желтоқсан 2022, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.