Атырау, 22 желтоқсан 05:32
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

1 805 рет қаралды

Сот Арман Жұмагелдиевті ("Дикий Арман") қамауға алу мерзімін келесі жылға дейін ұзартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы мәліметі бойынша, сот шешімімен А.-ны қамауға алу мерзімін 12 айға, яғни 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзарту туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды", - делінген мәліметте.

Еске салсақ, арнайы операция барысында ұсталған Арман Жұмагелдиев сот шешімімен 2 айға қамауға алынған болатын. Содан бері қамау мерзімі ұзартылуда.

6 қазанда Бас прокуратура Дикий Арман деген атпен танымал қылмыс жетекшісі Арман Жұмагелдиевке жаңа айыптардың тағылғанын мәлімдеген.

Күдіктінің әрекеттері келесідей қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша қосымша сараланды:

ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 1,2-бөліктері – "Зорлық-зомбылықпен, қасақана қырумен, өрт қоюмен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды қолданумен, сондай-ақ құқық бұзушылықпен ұштасқан тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, билік өкіліне қарулы қарсылық көрсету, тәртіпсіздіктерге қатысу".

Сондай-ақ ол Қылмыстық кодекстің 262, 291, 287-баптары бойынша айыпталуда.

Арман Жұмагелдиевке Қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтары – "Абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық топ жасаған заңсыз бас бостандығынан айыру" жазасы да қарастырылмақ.

6 желтоқсан 2022, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.