Украина президенті Владимир Зеленскийді Ұлыбританияның газеті Financial Times "Жыл адамы" деп атады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Басылым Зеленскийді "украин халқының Ресей агрессиясына қарсы күресіндегі ерлігі мен төзімділігінің бейнесі" деп санайды. Financial Times Украина президентін "авторитаризммен күрестегі демократиялық әлемнің флагманы" деп сипаттаған.
Биыл 24 ақпанда Ресей күшпен басып кіргенде Киевтен кетпей қалған Зеленский "Мен батыр емеспін, бірақ халық алдында жауаптымын. Адамды сатып кеткенді жек көремін " деп түсіндірген.
2021 жылы Financial Times басылымы "Жыл адамы" деп миллиардер, Tesla және SpaceX компанияларының жетекшісі Илон Маскті атаған.