Атырау, 18 сәуір 13:21
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қазақстанда теңгедегі депозиттің максимал мөлшерлемесі көтерілді

962 просмотра

Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДҚҚ) Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтергеннен кейін 2022 жылдың желтоқсаны мен 2023 жылдың қаңтары үшін жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша шекті мөлшерлемелерді қайта қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша мерзімді депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме - 16,3%, 12 айға толықтырусыз мерзімді депозиттер бойынша – 14,8%-ды, толықтырумен – 14,5% болды.

Шекті мөлшерлемелердің жаңа мөлшері биыл 6 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қор екінші деңгейлі банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді өзгерту туралы шешімді дербес қабылдайтынын атап өтті.

5 желтоқсанда Ұлттық банктің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,75%-ға дейін көтерді. Ұлттық банкте түсіндіргендей, бұл шешім болжамдар мен нақты деректерді талдауға негізделген. Ол қоршаған орта факторларына негізделген. Мысалы, геосаяси жағдай, әлемдегі азық-түлік бағасының жоғары болуы.

6 желтоқсан 2022, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.