Іс-шара оның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликпен ашылды.
Кейін облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев сөз алды:
- Бүгін лық толы залда Табылды Досымовтың өлеңін, ерекше өнерін сүйетін кәрі де, жас та жиналды. Әр өлеңінің астарында еліне, туған жеріне деген үлкен махаббат пен патриоттық сезім бар.
Көрнекті ақын, Махамбет сыйлығының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Светқали Нұржан, Табылдының жырларында есімі жиі кездесетін курстас досы Әубәкір Сымайлов пен республикалық Т.Досымов қорының директоры Бижан Қалмағамбетов ақын туралы әдемі естеліктерімен бөлісті. Жергілікті өнерпаздар оның әндерін шырқады. Шараны ақынның ұлы Абыл Аяш бард-ақынның «Биіктік» әнімен аяқтады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттерді ӨКҚ жолдады