Атырау, 28 қараша 22:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Исатай ауданында атқарылып жатқан жұмыстар туралы – әкім есебі

1 344 просмотра

Исатай ауданының әкімі Полымбет ХАСАНОВ брифингте осы жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері туралы айтты, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ҚҰРЫЛЫС

Жанбай ауылына полиция бөлімшесіне арналған ғимарат салынып жатыр.

Аққыстау ауылының Темір жол мөлтек ауданында 1971 жылы салынып, тозығы жеткен электр желісінің орнына жаңадан ток желісін орнату жұмыстары аяқталды.

Биыл басталған Тұщықұдық ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып қалды. Аққыстау ауылынан спорт алаңы, Х.Ерғалиев, Тұщықұдық ауылдарынан кіші аяқдоп пен балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

КӘСІПКЕРЛІК

Мемлекеттік бағдарламалар аясында аудан кәсіпкерлеріне 22 жобаны жүзеге асыру үшін 162 миллион теңге несие берілген.  - 16 кәсіпкерлік жаңа нысан іске қосылды. Бұлар Аққыстаудағы дәріхана, құрылыс дүкені, екі көлік жуу орны, кафе, «Шипа Ем» кабинеті, жиһаз цехы, азық-түлік дүкені, Жанбайдағы антикафе және фастфуд орталығы, Тұщықұдықтағы «Петушок» фастфуд орталығы, шағын маркет, тегершік жөндеу орны, Қамысқаладағы екі фастфуд орталығы, Зинеден ауылындағы аралас дүкені. Бөлшек сауда көлемі 1 млрд 200 миллион теңгені құрап отыр, - деді П.Хасанов. Жалпы ауданда 2 074 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ СУБСИДИЯЛАРЫ

Биыл ауыл шаруашылығын дамыту үшін жалпы сомасы 156 млн теңге субсидия берілді. 1 қарашадағы мәліметке сәйкес, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8 млрд 904 млн теңгені құраған. Асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын өсіретін 6 шаруашылық жұмыс жүргізіп отырса, онда 1 676 бас асыл тұқымды мал өсірілуде. Жыл басынан бері мал басын асылдандыру, түрлендіру, асыл тұқымды мал  бастарын  сатып алғаны үшін 68 шаруашылыққа 60 млн 605 мың теңге және қысқы мал азығы шығындарына 42 шаруашылыққа 95 млн 577 мың теңге субсидия төленді.

Айта кетейік, биыл ауданда 5 491,6 тонна ет, 4 706,2 тонна  сүт өндірілген.


НЕСИЕ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

«Дипломмен ауылға» жобасымен биыл 15 маманға көтерме жәрдемақы және 5 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие (әрқайсысына 4 жарым млн астам теңге) берілген.   

1035 адам жұмыспен қамту шараларына тартылған. Оның ішінде 334 адам қоғамдық, 39 адам әлеуметтік, 59 адам жастар тәжірибесі арқылы жіберіліп, 603 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.


ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ 

Аудан бойынша халықтың жалпы аурушаңдығы 3,8%-ға, ал туберкулезбен бірінші рет ауру бойынша 9,1%-ға төмендеді. Медициналық мекемелер соңғы уақытта жоғары білікті үш дәрігермен қамтамасыз етілген.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Қамысқала, Тұщықұдық ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория мен Зинеден ауылындағы фельдшерлік пунктті күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

6 желтоқсан 2022, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.