Атырау, 16 тамыз 08:43
 дождьВ Атырау +14.6
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

«Қызылүй» каналының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Сурет
1 763 рет қаралды

Бұл туралы Исатай ауданының әкімі Полымбет ХАСАНОВ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Биыл аудан аумағындағы Бақсай, Нарын, Сборный және Кобяково-Забурын суару-суландыру жүйелерін сумен толықтыру үшін аудандық бюджеттен 153 млн теңге бөлінді. Бекітілген кестеге сәйкес каналдар сумен толықтырылды. 

- Каналдардың жағдайын айтатын болсақ, өткен жылы басталған «Қызылүй» каналының күрделі жөндеу жұмыстары биыл аяқталды. Ауданның коммуналдық меншігінде болған Есіркеп, Ақай, Жасқайрат, Мартыши каналдары «Қазсушар» РМК-ның теңгеріміне берілді, - деді П.Хасанов.  

Айта кетейік, биыл аудан бойынша 81 гектар жерге егін егілсе, оның ішінде 10 гектарға көкөніс, 6 гектарға бау-бақша, 65 гектарға мал азықтық дақылдар егілген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

6 желтоқсан 2022, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.