Атырау, 22 желтоқсан 06:42
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда 8 жастағы оқушы суға батып бара жатқан балаларды құтқарып қалды

Бейнежазба
1 753 рет қаралды

8 жастағы оқушы Дінмұхаммед Жаңбырбай нағыз ерлік жасады, деп хабарлайды Polisia.kz. 3 желтоқсанда Жұмыскер маңындағы жағалауда 14 және 9 жастағы екі бала мұз үстінде ойнап жүргенде мұз кенеттен ойылып, екі бала суға түсіп кетеді. Бағына қарай, жандарында Дінмұхаммед болады. Ол екеуін құтқарып қалды.

- Көрген кезде бар ойым оларды құтқарып қалу болды. Мұздың ойығына жүгіріп жетіп, біреуін судан шығардым, ал ол екіншісін шығарды, - дейді 8 жастағы қала тұрғыны.

Кейін оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері балаларға көмек көрсетіп, ата-аналарына аман-есен тапсырған.  - Баламды ажалдан құтқарған Дінмұхаммедтің ержүрек әрекетіне алғысымды сөзбен жеткізе алмаймын, өйткені ол өз өмірін қатерге тікті. Осындай абзал ұл тәрбиелеп өсірген ата-анасына да шексіз алғысымды білдіремін, – дейді 9 жасар баланың анасы.

Полиция департаменті жолдаған видео

4 желтоқсан 2022, 23:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.