2 желтоқсанда таңертең ТЖД-ға орталық көпір маңында Жайық өзеніне иттің батып бара жатқаны жөнінде Атырау тұрғынынан шақырту түсті. ТЖД құтқарушылары сол жерге барды.
ТЖД хабарлағандай, құтқарушылар жеткен кезде, иттің көпір астындағы бетон үстіне шыққанын анықтады. Құтқарушылардың бірі мұздай суға түсіп, әріптестерінің көмегімен итті жағаға шығарып, өздерімен бірге құтқару бөлімшесіне алып кетті.
Айнұр САПАРОВА
ТЖД жолдаған суреттер мен бейнежазба