Атырау, 28 қараша 22:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда «Киік-2022» акциясы басталды

1 404 просмотра

Бұл акция жойылып кету алдында тұрған жабайы аңдарды қорғау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ол 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысының міндетін атқарушы Нұрлан ИМАНҒАЛИЕВ мәлім етті.

Іс-шара полиция департаментінің және «Охотзоопром» ӨБ РМҚК-ның қызметкерлерінің қатысуымен күшейтілген режимде өтуде.

- Біздің облысымызда киік көп болмағанымен, күн суытып бастаған сәтте олар Батыс Қазақстан облысынан бізге келеді. Осыған байланысты бір ай ішінде ақбөкендерді қорғау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілетін болады, - деді Н.Иманғалиев.

Еске салайық, киіктерді заңсыз аулағаны және олардың мүйіздерін өткізгені үшін 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 желтоқсан 2022, 23:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.