Атырау, 2 мамыр 21:05
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырауда көрермендерге ерекше әсер сыйлаған фестиваль өтті

Сурет
1 477 просмотра

Атырауда мәдениет саласының қызметкерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен «Біз-бақытты жандармыз!» атты шығармашылық фестиваль өтті.

Кештің ашылуында қала әкімінің орыбасары Нұржан ЕРМҰХАНОВ сөз алды:

- Дәл қазір сахнаға шығып, өз өнерін көрсеткелі тұрған дархан мінезді, кең жүрек азаматтарымызды мүмкіндігі шектеулі деудің өзі артық. Өмірге деген құштарлығын, махаббатын әнмен әуелетіп, өнерімен өрнектегелі тұрған қатысушыларымызға зор ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Өйткені, олардың өнері тыңдарманға ерекше әсер сыйлайды деген сенімдеміз.

Ән байқауының ең басты ерекшелігі – сахнада кәсіби деңгейдегі әнші мен мүмкіндігі шектеулі өнерпаз (негізінен зағип жандар) жұп болып, ән шырқады.

Әкім орынбасары айтқандай, бей-жай қалған көрермен болмады.

Нәтижесінде өнерлі жұптар «Қоңыр үн», «Шалқыма дауыс», «Жас әнші», «Ерекше дауыс», «Көрермен көзайымы», «Ақ Жайық үні», «Дархан дала дауысы» аталымдары бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

3 желтоқсан 2022, 23:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.