Атырау, 24 қараша 04:21
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Илон Маск: 2023 жылдан бастап адамдардың миына чип салынады

1 337 просмотра

Белгілі кәсіпкер Илон Маск өзі басқаратын «Neuralink» компаниясының адам миына чип салу сынақтарын келесі жылы бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, операция шамамен бір сағатқа созылады. Арнайы робот бас сүйегіне тесік жасап, чипті имплантациялайды.

Болашақта өнертабыс ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмірін жеңілдетпек. Атап айтқанда, бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың басқалармен араласуына және аяқ-қолдарының қозғалыс белсенділігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, миға арналған чиптерді әзірлейтін Neuralink стартапын Илон Маск 2017 жылы ашқан еді. Миллиардер чипті миға орнатудағы мақсаты ми мен жұлын жарақаттарының салдарын жою және оның көмегімен жоғалған қабілеттерді толықтыру екенін атап өтті.

2 желтоқсан 2022, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.