Атырау, 25 сәуір 21:59
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

KPI: газ авариялық жағдайда жанған жоқ

963 просмотра

Интернетте және әлеуметтік желіде тараған Атырау облысындағы «KPI Inc.» ЖШС полипропилен өндіру кешенінің мұржасында газ алауы авариялық жағдайда жанғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, жеп хабарлайды KPI баспасөз қызметі.

Компания, сондай-ақ зауыт басқа өндірушілер шығарған полипропиленді өз өнімі ретінде сатып жатқаны туралы мәлімет те жалған екенін хабарлайды.

"Зауыт іске қосылғалы технологиялық қондырғылардың жұмысын оңтайландыру жүргізіліп жатыр және пропилен алауы қысқа уақытқа мамандардың бақылауымен жағылды. Оның құрамы зиянсыз, газ плиталарында жанатын газға ұқсайды.

Кешен 8 қарашада ресми іске қосылғаннан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді және өндіріс көлемі біртіндеп артып жатыр.

1 желтоқсанда 23 мың тонна полипропилен өндірілді. 9 мың тоннадан астамы (6 пойыз және 18 автокөлік) экспортқа және ішкі нарыққа жөнелтілді, 14 мың тонна полипропилен қоймада, жөнелтуді күтіп тұр. Қазақстандық тұтынушылар жеткізілген полипропилен партиясын сынақтан өткізіп, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС полипропиленінің сапасы РФ мен Қазақстан нарығындағы басқа өндірушілердің өнімдерінен асып түсетінін мәлімдеді.

Биыл желтоқсанда 29 пойыз тауарлық полипропилен өндіріп, оны жөнелту жоспарда.

Қазақстан азаматтары мен БАҚ-ты тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, арандатушылыққа жол бермеуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз" делінген хабарламада.

2 желтоқсан 2022, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.