Атырау, 28 қараша 22:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Құтырған ит жігітті көлікке «қамап», өзі капоттың астында өлді

1 490 просмотра

Балауса ықшамауданында құлағында биркасы жоқ қаңғыбас ит 18 жастағы жігітке шабуыл жасады.

Жас жігіттің әкесі Русланның айтуынша, түн ортасы шамасында ұлы үй ауласында көлік жөндеп жатқанда ит жүгіріп кірген. Ол ырылдап, бірден ер адамға қарай шапқан. Жігіт көлікке секіріп, есігін жауып үлгеріп, аман қалды.

Осылайша ұзақ уақыт көмек күтіп отырған: жігіт көліктен шығуға әрекеттенсе, ит көліктің жанында ырылдап, кетпей тұрыпты. Бұл Стивен Кингтің «Куджосын» еске түсірді. Ол екі сағаттан кейін ит тынышталғандай болған соң шығады. Сақтықпен капоттың астына қараған жігіт итті өлі күйде табады. Русланның пікірінше, ит құтырма ауруымен ауырған.

Wikipedia мәліметі бойынша, құтыру ауруы - науқас иттің мінез-құлқы өзгеретін жұқпалы аурулардың бірі. Құтырудың инкубациялық кезеңі әртүрлі болуы мүмкін және вирустың мөлшеріне, тістеген жеріне және жануардың иммунитетіне байланысты болады. Әдетте құтырманың инкубациялық кезеңі - 4-6 апта, бірақ 12 күннен бір жылға дейін өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда жігіттің екі мәрте жолы болған - науқас жануарда бұл аурудың өліммен аяқталатын соңғы сатысы болған.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

2 желтоқсан 2022, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.