28-30 қараша аралығында полиция департаменті «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, оның аясында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ пен жеке тұлғаларды ұстады.
- Алдын ала талдау жасалып, ұрлық көп орын алған жерлер анықталды. Нәтижесінде мал мен ет өнімдерін құжаттарсыз тасымалдаудың 32, ал мал мен ет өнімдерін құжатсыз сатудың 14 фактісі анықталды. 46 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 704 490 теңгеге айыппұл салынды. Одан бөлек мал ұрлығымен айналысқан 2 адамнан құрылған қылмыстық топ және 7 тұлға анықталды. 19 бас мал иесіне қайтарылды, - деп хабарлады полиция департаменті.
Сонымен қатар, иесінің қадағалауынсыз мал жаюдың 225 фактісі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 923491 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ