Ел бойынша орташа есеппен тұрғын үйді жалға беру 2%-ға төмендеді. Krisha.kz ақпараты бойынша, төмендеу бір апта ішінде болған.
Көршілес Оралда – 6,2%-ға, Атырауда – 2,1%-ға төмендеген. Дегенмен, батыс Қазақстан қалалары «ішінара мобилизациядан» қашқан ресейлік босқындар арасында аса танымал болмаса да, бағалардың дүрбелеңге дейінгі (қыркүйектің соңы) деңгейге оралатынына үміт әлі де шамалы.
Мәселен, қаламызда бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны қазір 130 мың теңге, екі бөлмелі пәтер – 200 мың, үш бөлме үшін 210 мың теңге сұрайды. Ақтау мен Ақтөбеде баға біздікімен бірдей дерлік. Бірақ Алматыда пәтер жалдау әлі де қымбат: сәйкесінше 230 000, 300 000 және 500 000 теңге. Астанада – тиісінше 170 мың, 250 мың және 330 мың.
Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Талдықорған қаласы арзандығы жағынан көш бастап тұр. Онда үш бөлмелі пәтердің бір айлық жалдау ақысы 120 мың теңге тұрады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА