29 қарашада Атырау ҚПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Hyundai Accent автокөлігін тоқтатып, көлік жүргізушісі мен жолаушысының есірткілік мас күйде екенін байқаған. Екеуін дн сараптамадан өткізіліп, есірткілік мас күйде екендігі анықталды.
28 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ның ӘҚБтК-ның 608-бабы («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқаруы») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал 27 жастағы жолаушыдан тек қана дәрігердің рұқсатымен ғана берілетін 29 дана тропикамид пен 41 дана трамадол дәрі-дәрмегі тәркіленді.
Атырау ҚПБ тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, психотропты дәрі-дәрмекті қандай мақсатта қала аумағында алып жүргенін және қайдан алғанын анықтауда
Ләззат ҚАРАЖАНОВА