Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша («Есірткі және психотроптық препараттарды аса ірі көлемде заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау») Қарағанды тумасын 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сотта оның 2021 жылдың қазан айында Атырауға келгені, бірден есірткі мен психотроптық заттарды Telegram арқылы белгісіз тұлғадан сатып алып, қала аумағында екінші жерге жасырып жүргені анықталды. Кейінірек Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оның қылмыстық әрекетін әшкереледі.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА