Атырау, 4 наурыз 04:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Кішкентай Тасқұдықта енді жарыққа қатысты проблема болмауы керек

1 512 рет қаралды

Қызылқоға ауданы Тасқұдық елді мекенінің электр желісі өткен ғасырдың 70-жылдары жүргізілген. Содан бері бағана мен желінің жаңартылмауына байланысты ауа райының қолайсыз күндері жарық жиі өшетін.

Осы мәселені шешу мақсатында өткен жылы жасақталған жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, биыл облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталды.

- 91 дана бетон бағана қондырылып, 1650 метр 0,4 кВ әуе желісі және 630 метр 0,22 кВ әуе желісі тартылып, барлық үйге электр есептегіш құралы орнатылды, - деді аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Ерболат ИҒАЛИ. 

Айта кетейік, аудан орталығы Миялыдан 185 шақырым қашықта орналасқан Тасқұдық елді мекенінде 35 үй, халық санымен алсақ 160-қа жуық тұрғын бар.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

1 желтоқсан 2022, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.