Атырау, 29 қараша 00:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Инновациялық жобалар байқауының жеңімпазы анықталды 

Сурет
1 263 просмотра

Атырауда екі күнге созылған «Atyrau youth hackathon» инновациялық жобалар байқауы өтті. Марапаттау рәсімінде Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ жеңімпаздарды құттықтады.

- Бүгін көзі ашық, көкірегі ояу жастар бас қосып, қоғамдағы үлкен мәселелерді шешу үшін идеяларын ортаға салуда. Бұл байқауда қамтылған төрт бағыт та өте маңызды. Сондықтан бұл сайыста ешкім де жеңілмеді. «Atyrau youth hackathon» инновациялық жобалар байқауындағы үздік жобаларды қағаз жүзінде қалдырмай, іске асыру керек. Бұл жобаның барлығын өңірімізде іске асыруға мүмкіншілік бар. Баршаңызға жемісті еңбек, шығармашылық табыс тілеймін! - деді С. Шәпкенов.

Биыл үшінші рет өтіп жатқан хакатонға қатысу үшін облыс бойынша 14-29 жас аралығындағы 113 үміткер тіркелген. Олар ғылым және инновация, өнер және шығармашылық, IT және цифрлық технология, экология және қоршаған орта бағытындағы стартап-жобаларын қорғады. 

«Atyrau youth hackathon» инновациялық жобалар байқауында әр топ бойынша өміршеңдігі бар ең үздік 12 стартап-жоба анық­­талды. Жеңімпаздарға І орын үшін 350 000 теңге, ІІ орын үшін 250 000 теңге, ІІІ орын үшін 100 000 теңге ақшалай сертификаттар табысталды. 

«Ғылым және инновация» бағыты бойынша 1-орын «Birge» тобының жобасы, 2-орын «Қашықтықтан оқыту» жобасы, 3-орынды «Қозғалыс энергия» жобасы жеңіп алды. 

«Өнер және шығармашылық» бағыты бойынша 1-орын Мадина Қожабалуанның жобасына, 2орын «Alash brand» жобасына, 3-орын Назерке Мұхамеджанның жобасына бұйырды.

«IT және цифрлық технология» бағыты бойынша 1-орынды «Cloud bilim» жобасы, 2-орынды «Bright future» жобасы, 3-орынды «Программалық реле» жобасы иеленді.

«Экология және қоршаған орта» бағыты бойынша 1-орынды «Темекі тұқылдарын қайта өңдеу» жобасы, 2-орынды «Water reuse» жобасы, 3-орынды «Мидас» жобасы жеңіп алды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді ӨКҚ жолдады

1 желтоқсан 2022, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.