Атырау, 8 ақпан 06:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 456.98
€ 489.43
₽ 6.45

​Қазақстанда жаңа саяси партия тіркелді

831 просмотра

Қазақстанда "Байтақ" деп аталатын жаңа саяси партия тіркелді. Бұл - кейінгі он шақты жылда елде тіркелген алғашқы саяси партия және Қазақстандағы бірінші жасылдар партия, деп хабарлайды Азаттық радиосы

Партия құрушылар "экологтарды біріктіріп, экология мәселелерін көтеріп, қоршаған ортаны қорғап, кәсіпорындарды жаңалау, еңбек қауіпсіздігін арттыруды көздейді".

Партия лидері – Ақорданың жобаларына қатысып жүрген экобелсенді Азамат Әміртай. Ол биыл президент Тоқаев жанындағы ұлттық құрылтайға мүше болған. Оған дейін президент жанындағы сенім кеңесінің және "ҚазАгро" ұлттық холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі болған. Бұған қоса, Әміртай биылғы кезектен тыс президент сайлауында Тоқаевты қолдаған.

Әділет министрлігі биыл 18 партиядан тіркеуге құжат түскенін хабарлаған. Қазір оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин бастаған бастамашыл топ "Алға, Қазақстан" партиясын тіркей алмай жүр. Әділет министрлігі бұл топтың құжатын "заңға сай емес деп" бірнеше рет қайтарып тастаған. Сондай-ақ оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай "Демократиялық партияны" тіркей алмаған. Оппозиция Қазақстан билігі өзіне қолайлы партияны ғана тіркейді деп санайды.

Тоқаев саяси партиялар туралы заңды өзгертуді, партия құруға қажетті бастамашыл топ санын мыңнан жеті жүзге түсіруді, тіркеуге қажетті қолды 20 мыңнан 5 мыңға азайтуды ұсынған. Қазір бұл заң жобасы парламентте.

Сарапшылар билік қолында партияны тіркемеудің көптеген тетіктері бар екенін айтады.

Қазір Қазақстанда ресми түрде бес партия - биліктегі "Аманат", билікке жақын "Ақжол", "Ауыл", "Қазақстанның халық партиясы" (бұрынғы Коммунистік партия) және өздерін оппозиция санайтын ЖСДП - тіркелген.

1 желтоқсан 2022, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.