Бүгін, 30 қараша сағат 11:00 шамасында Владимирский көшесінде жол апаты орын алды - Daewoo Nexia көлігі екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолмен келе жатқан жедел жәрдем көлігіне жол бермей соқтығысып қалды. Полиция департаменті хабарлағандай, апат салдарынан жедел жәрдем көлігінің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. Тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдем көлігі Медикер Жайык Qamqor QP2-ге тиесілі екенін хабарлады.
- Бұл көлікпен науқас тасымалданбайды, курьерлік көлік. Жүргізуші медициналық көмекке жүгінбеді. Ал курьер түрлі дене жарақатына байланысты облыстық ауруханаға жеткізілді.
Айнұр САПАРОВА