Атырау, 29 наурыз 12:33
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматыда әйел көршісінің үстіне қайнаған су шашып жіберген: полицейлер пікір білдірді

1 184 просмотра

Әйел жанжал кезінде көршісінің үстіне қайнаған су құйып жіберген. Instagram әлеуметтік желісіндегі Krispi_kazakhstan-парақшасында оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыда әйел пешті бөлісе алмаған көршісінің үстіне қайнаған су шашып жіберген. Ахтанова 13-үйдегі жатақхана. Қазір әйелге операция керек", - делінген видеоның сипаттамасында

Зардап шеккен Анар есімді әйелдің айтуынша, оқиға кеше түнде болған. Ол осы жатақханаға бірнеше күн бұрын сәбиімен және әпкесімен көшіп келген.
"Кеше кешке жұмыстан келдім де ас үйге шай қоюға кірдім. Бізде ас үй ортақ. Әлгі әйел пештің қасында тұрды, мен оған жақындап, сыймағандықтан ыдыстарын жылжытуын өтіндім, пеште тек 2 оттық жұмыс істеді. Мен оған: "Тәте, аздап жылжисыз ба?" дедім. Ол айқайлап, балағаттай бастады, "қайдағы тәте, мен 1991 жылғымын" деп. Мен онымен жанжалдасқан жоқпын. Ол ыстық суды алып, үстіме шаша салды", - дейді жәбірленуші.

Қазір Анар ауруханада жатыр. Өзінің айтуынша, 2-3 дәрежелі күйік алған. Оң аяғы, сол қолы, кеудесі мен іші күйіп қалған. Әйел жалғызбасты ана екенін, күйеуінің апаттан қайтыс болғанын, үйде сәбиі қалғанын айтты. Әйелдің одан әрі емделуге ақшасы жоқ.
Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Жетісу аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, бұл дерек тіркеліп, жергілікті полиция қызметінің қарауында.
"Зардап шеккен әйелдің жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Одан әрі баға беріліп, шешім шығарылады", - деді Алматы полициясы өкілдері.

30 қараша 2022, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.