Атырау, 3 қазан 16:18
 ашықВ Атырау +16
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Аққыстауда көпфункционалды спорт алаңы халық игілігіне берілді

Сурет
1 927 просмотра

Спорттық нысан «Ембімұнайгаз» АҚ 100 жылдық мерейтойына орай ембілік мұнайшылардың аудан тұрғындарына тартуы ретінде салынған.

- Биыл барлық ауылдық округтерде ойын алаңдары мен кіші аяқ доп алаңдары салынды. Бүгінгі нысанның ашылуы балаларымыз үшін өте қуанышты жағдай. Балалар жылында аудан орталығынан осындай спорт нысанын салып берген «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығына, ембілік мұнайшыларға алғысыды айтамын, - деді Исатай ауданының әкімі Полымбет ХАСАНОВ ашылу салтанатында.

Өз кезегінде «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Есен ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортпен айналысуға шақырды.

Көпфункционалды спорт алаңы шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдарымен және Workout, жүгіруге арналған жолақтармен және т.б. қамтылған. Алдағы уақытта жасыл желектер отырғызылып, спорт алаңының айналасы абаттандырылмақ.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ жолдаған суреттер

1 желтоқсан 2022, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.