30 қарашада Бақсай, Есбол, Бейбарыс және Ақжайық ауылдық округтерінің коммуналдық қызметкерлеріне жаңа «Беларус МТЗ-920» тракторлары берілді, - деп хабарлайды Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімі Қайрат НҰРЛЫБАЕВ осы ауылдық округтің әкімдеріне жаңа техниканың кілтін салтанатты жағдайда табыстады.
- Мемлекет басшысы ауылдарды өркендету мәселесін ең алдыңғы міндет етіп қойғаны белгілі. Енді қажетті техникалармен, агрегаттармен қамтамасыз етуге мол мүмкіндіктер жасалуда. Соның бірі бүгін жүзеге асып, төрт ауылдық округке ауылдардағы көше тазалау жұмыстарына пайдаланылатын шаруашылық көліктері табысталып отыр. Барлығында тіркеме мен көше сыпыратын арнайы сыпырғыш бар, - деді аудандық ТКШ, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алтынбек ҚУАНҒАЛИЕВ. - Алдағы уақытта осындай көліктермен барлық ауылдық округтер қамтамасыз етіледі.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған суреттер