Атырау, 29 қараша 00:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда 30 598 адамға жұмыс табылды

1 103 просмотра

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВА мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жұмыспен қамту шаралары мемлекеттік бағдарламалар негізінде іске асады. Мәселен, жұмыспен қамтылғандардың 795-і жастар, олар жастар практикасы арқылы қабылданған. Ал оқуын аяқтаған 100 студент  «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасымен жұмысқа орналасып отыр.

– Жалпы, өткен жылдан бүгінге дейін 30 598 адам уақытша және тұрақты жұмысқа орналасты, - деді Г.Аманғалиева. 

Бұдан басқа, «Бастау-бизнес» жобасымен 2346 адам кәсіпкерлік негізде білім алған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 қараша 2022, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.