Атырау, 12 қазан 17:11
 дождьВ Атырау +25.7
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Есірткілік мас күйде көлік басқарған азаматшадан психотропты дәрілер тәркіленді

1 622 рет қаралды

Атырау ҚПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 30 қарашада Мұнайшы мөлтек ауданында  Ваз-2114 автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші Өзбекстанның 30 жастағы азаматшасы болып шықты, кейін сараптама көрсеткендей, ол есірткіге мас болған.

ПД оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқаруы») бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады. Сонымен қатар, әйелдің сөмкесінен түрлі психотроптық препараттың 34 данасы табылды. Осыған байланысты қалалық №2 полиция бөлімі тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ПД жолдаған сурет

1 желтоқсан 2022, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.