Атырау, 18 мамыр 11:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Түкірік" үшін айыппұл төледім". Мәжіліс депутаты жазаға тартылған

939 просмотра

Екібастұздан тікелей эфирге қосылып,сұқбат беріп тұрған кезінде Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров жерге түкіреді. Оның видеосы желіде тарап, ол полиция назарына іліккен. Депутатқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, 5 АЕК (1АЕК - 3063 теңге) көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс депутаты айыппұлды бірден төлеп, 50 пайыз жеңілдікке ие болған. Мұны Ерлан Сайыровтың Facebook-тегі парақшасында жариялаған чегінен көруге болады. Яғни, ол 15 315 теңгенің орнына 7657 теңге 50 тиын төлеген.

Біздің құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды еске салған халық қалаулысы әрбір азамат өзінің істегені үшін жауап беруі қажеттігін де қадап айтып, парақшасында жазба да жариялады.

"Мен кешегі "Хабар" арнасындағы "түкірік" үшін айыппұл төледім. Заң алдында барлық азаматтар тең болуы керек. Бұл аксиома! Сонда ғана әділетті қоғам құрамыз! Басқа да азаматтар заң алдында өз жауапкершілітерін сезінуі қажет. Әсіресе, халықтың игілігін жымқырып қойған олигархтар мен алпауыттар. Олардың жауапкершілігін біз көздеріне "шоқшитып" көрсетуіміз қажет! Әрбір адам өзгерісті өзінен бастауы тиіс. Әрқайсымыз өзгерсек, мемлекетті өзгертеміз! Мені қолданған азаматтарға көп рахмет! Мені сынға алған азаматтарға да ырзашылығымды білдіремін! Біз Біргеміз!" делінген жазбада.
30 қараша 2022, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.